Мемлекеттік рәміздер-еліміздің нышаны
Шымкент республикалық "Жас ұлан' мектебінің мектеп кітапханашылары 4-маусым ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне «Мемлекеттік рәміздер-еліміздің нышаны» атты кітап көрмесі, фотокөрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Ата заңымыз «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Ы.Сағынтаевтың «Қазақстан Республикасының рәміздері», Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», Ж.Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным», Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы» т.б мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы жайлы, авторлардың өмірбаяны, егемендікті еншілегенге дейінгі еліміздегі тарихи рәміздер туралы материалдармен, мерзімді басылымдар мақалалары қойылды.
Рәміздер-Тәуелсіздік тұмары
Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін бірінші құнды белгілер.
Н.Ә.Назарбаев
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебінде 2021 жылғы түлектердің қорытынды аттестациясын өткізу
2021 жылғы 1-10 маусым аралығында ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Шымкент "Жас ұлан" республикалық мектебінде 210 адам 11-сынып түлектерінің қорытынды аттестаттауы өткізілуде.








