"Қан мен тер" романы"
Шымкент "Жас ұлан" мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті әдістеме бірлестігі апталығында 2 оқу ротасы 4 взвод, орыс тілінде оқитын сынып ұландарымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша "Ә.Нұрпейісовтің "Қан мен тер" романы" тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Бақытгүл Мүсірқүлқызы сабақтың әр сәтін тартымды, қызықты ұйымдастырды. Ұландар оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым дағдылармен сабақ тапсырмаларын тиянақты орындап, өзге ұлт балалары қойылған сұрақтарға сөздерді орын тәртібімен дұрыс қолданып қазақ тілінде жауап берді. Бұл сабақта ұландардың қазақ тілінде сөз қоры көп болу әдістері тиімді қолданатыны, күнделікті сабақта жаңа сөздерді жаттап жүретіні көрінді.
"Тәуелсіз елім- тұғырың сенің биікте"
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебінде ҚР Тәуелсіздігіне - 30 жыл толу мерейіне орай "Тәуелсіз елім- тұғырың сенің биікте" атты онкүндік өтуде. Аталған онкүндік аясында 22-қараша күні 1 оқу ротасы 2 взвод ұландарымен аға-тәрбиеші майор Мухамеджан Тайшевич пен куратор Бақытгүл Мүсірқұлқызы "Тәуелсіздік жасай берсін мәңгілік!" тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді.
Тұңғыш Президенті күні
Жуырда 1- желтоқсан - Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің кітапханасы мен Ұлттық академиялық кітапханасы Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебінің кітапханасына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы", "Тәуелсіздік дәуірі", "Қазақстан", "Туған елім - тірегім" және т.б. жалпы 275 дана көркем әдебиет кітаптарын сыйға тартты.
Күзгі бал
20-қараша күні Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебінде күзгі бал??болды. "Күзгі балға" қаламыздың 45 гимназия мектеп оқушылары қатысты.
«Гамлет»
20-қараша күні Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебі ұландары Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында болды. Ұландар 1600-1601 жылдары жазылған ? У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясын тамашалады. Трагедияның сюжеті ХІІ ғасырдағы Саксон Грамматиктің көне хроникасынан алынған Дaт бекзадасының тариxы.
8-13 қараша аралығында Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебінде "Математика - ғылымдар патшасы" атты апталық өтуде.
12-қараша күні "Тригонометриялық теңдеулер" тақырыбында 1 оқу ротасы 2 взвод ұландарымен алгебра пәні мұғалімі Сәуле Тоғайбайқызының ашық сабағы өтті. Конфуцийдің "Естігенімді - ұмытамын, көргенімді - еске сақтаймын, жасағанымды - түсінемін" қағидасына сүйене отырып, ашық сабақта қолданған "Аукцион", "Кім білгір?","Кім жүйрік? " әдістері қызықты қолданып, жас математиктер арасында білім шыңдауда тамаша білім тартысы болды.
ҰСТАЗДАРДЫҢ МАРАПАТЫ ҰЛАНДАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІМЕН ӨЛШЕНЕДІ
3-6 қараша күндері Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебі «Шымкент қаласының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «САРЫН» ҚҚҚ ұйымдастыруымен Жергілікті оқу орындарында оқитын студенттер мен курсанттар, жастар арасында «Иманды ұрпақ көбейсе – елдің болар тірегі» тақырыбында эссе жазудан қалалық байқауға қатысты. Байқау өскелең ұрпаққа отансүйгіштік, ұлттық, өзін-өзі тану және Отанына деген мақтаныш сезімін арттыра түсу мақсатында болды. Нәтижесінде байқауға қатысушылары марапатталды.
Жаңалық
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебінде 2021-2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес спорт түрлері: футбол, баскетбол, волейбол ойындарына деген қызығушылығын арттыру, дене шынықтыру жұмыстарын жақсарту, ұландардың икемділігін, жылдамдығын, шапшаңдығын дамыту мақсатында мектеп бастығының орынбасары - академиялық басқарма бастығы подполковник А.Оршабеков, спорт базасы бастығы, ҚР ҚК қызметкері Б.Абдрахмановтың ұйымдастыруымен және дене шынықтыру мұғалімдерінің төрағалық етуімен мектепішілік 10-11 сынып ұландардың арасында шағын футболдан , волейбол, баскетболдан жарыс өткізілді.
2021 жылдың 1-2 қараша күндері Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебінде ұландар арасында мектепішілік пәндік олимпиадалар өтті.
Пәндік олимпиадалар гуманитарлық және математика жаратылыстану бағыты бойынша пәндер екі күнге бөлінді: "Қазақ тілі мен әдебиеті", "Орыс мектептеріндегі қазақ тілі", " "Орыс тілі мен әдебиеті", "Қазақ мектептеріндегі орыс тілі", "Ағылшын тілі", "Қазақстан тарихы", "Адам. Қоғам. Құқық." және "Математика", "Физика", "Информатика", " Химия", "Биология", "География".
«ТОР» мистикалық драмасының премьерасын тамашалады
2021 жылдың 6-қараша күні Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебінің ұландары Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында М. Омарованың «ТОР» мистикалық драмасының премьерасын тамашалады.








