2022 – 2023 оқу жылының 8 желтоқсан күні география пәнінің педагогі, педагог-сарапшы Турапбаева Сагира Мустафаевна 1 оқу ротасы, 1 оқу взводымен (11 «А») «Қоршаған ортаның сапасы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: дүниежүзі елдерін қоршаған ортаның сапасы бойынша жіктеу болды. Взвод ұландарын топқа бөле отырып, сабақ мақсатына жету үшін деңгейлі тапсырмалар берілді. Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер:  «Кім жылдам?» , «Серпілмелі сұрақ » «Венн диаграммасы»  әдістері пайдаланылды. Жоғарыда келтірілген әдістер арқылы сабақ соңында ұландар сабақтың мақсатына жете білді.

Ұландардың топтық жұмысты орындау сәті

2022-2023 оқу жылының  7 желтоқсан күні тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші  Батырбекова Гүлбахар Нурмаханбетовна «Критериалды бағалау» тақырыбында әріптестер арасында коучинг өтті. Мақсаты: әріптестерді критериалды бағалау әдістерімен таныстыра отырып, тәжірибеге енгізуге ықпал ету. Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп көре білетіндігін нақты мысалдар келтіре отырып жеткізді.

2022-2023 оқу жылының  5 желтоқсан күні тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші  Батырбекова Гүлбахар Нурмаханбетовна 2 оқу ротасы, 2 оқу взводымен (11 «Г») «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық» түсінігі мен белгілері. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық түрлері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты басқа құқық бұзушылық түрлерінен (заңсыз сыйақы алу, алаяқтық) ажырату. Взводты әлеуметтік желілер арқылы бөлді.  «Facebook», «Instagram», «WhatsApp», «Tik Tok» болып бөлінген взводқа жаңа тақырыпты ашу үшін «Сәйкестендіру», «Тест шешу» , «Әріптер сөйлейді» әдістерін пайдаланды. Сондай ақ, тақырыпқа қатысты жағдаяттық тапсырмалар талдай отырып, мақсатқа жетуді одан әрі аша түсті. Аталған әдістер бойынша ұландар жекелей, топпен, деңгейлеп жұмыс жасады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің

«ТІЛІМ ДЕГЕНДЕ  ЖҮРЕГІМ ТІЛІМДЕЙДІ... »

атты апталығының қорытынды есебі  ( 21 –  25.11.2022 ж.)

Пазилова Гүлимжан Мұхамеджанқызы - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  педагогі, магистр, «педагог-зерттеуші»

6-8 желтоқсан күндері Шымкент "Жас ұлан" мектебінде ұландар арасында мектепішілік үстел тенисі мен шахмат спорт ойындары арасында сайыс өтті. Нәтижесінде 3-інші оқу рота ұландары:

үстел тенисінен  - Қуандық Нұрлыхан;

шахмат ойынынан - Керімбек Ерасыл жеңімпаз болды.

 

КИНО – ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ҚҰРАЛЫ
29-ыншы қараша күні 1-інші оқу ротасы 3-інші взвод және 6-ншы желтоқсан күні 1-інші оқу ротасы 2-нші взвод ұландары кино премьераларға барды.Тарихи фильмдер тарихи материалдарды тиімді игеруге, қазіргі ұлттық тарихты кеңінен насихаттауға, қазақ жастарының бойында патриоттық сезімдерді тәрбиелеуге ықпал етеді.
Еліне қамқор болар Жас ұландарымыз ата-ана үмітін ақтар ұл, елдің қалаулы азаматтары болсын!

Шымкент "Жас ұлан" мектебінде 5-9-ыншы желтоқсан күндері аралығында "ЕСІМДЕРІ ЕЛ ЕСІНДЕ..." тақырыбында тарих және география пәндері бірлестігі апталығы өтуде.
5-інші желтоқсан күні география пәні педагогі Асылзат Құдіретқызы 1-інші ротаның екінші, үшінші; 2-нші ротаның бірінші, екінші взвод ұландарымен, яғни 11-інші сынып ұландары арасында "ҒАЖАЙЫП АЛАҢ" интеллектуалды сайыстын ұйымдастырып жүргізді. География пәні бойынша білімді жастар бас қосты. Бұл сайыста "шкатулка", "сыйлық", "банкрот", "сектор +", ән мен күй және қатысушылар арасында толқу мен әріпті таппай, қате айтудан қорқу ? болса, ал көрермендерде тек тамаша, көтеріңкі көңіл-күй болды

3-інші қараша күні Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектебінің Академиялық басқармасы оқу-әдістемелік бөлім бастығы қызметкер Бәйдібек Шәріпбекұлының басқарумен 2-нші оқу рота ұландары "USTUDY" АЙМАҚТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫНА барып ҰБТ бақылауынан өтті. Ұландармен бірге взвод командирлері, сынып жетекшілер болды. Ұландар "бір оқушы - бір компьютер - бір камера" форматында ҰБТ бақылауын тапсырды. Тапсырған ұландар тест сұрақтары оңай емес екендігін және оқуларын тереңдету қажетімен айтып бөлісті. Мектеп түлектерінің бағындырар асулары биік болсын, Сәттілік тілейміз Сіздерге!

15-інші қараша күні Шымкент "Жас ұлан" мектебі ұландары мен майор Кеңесбеков Бағлан Кеңесбекұлы 80 IT мектеп-лицей базасында өткен қазақтан шыққан тұңғыш генерал - Сабыр Омарұлы Рахымовтың туғанына - 120 жыл толуына арнаған іс-шараға қатысты. Іс-шараға қатысушы жастар отты жылдар ерліктеріне терең бойлап, темір генералдың тұлғасына деген қызығушылығы артты, музыкалық әуендер орындап, Сабыр Рахымовтың өмірі, жауынгерлік жолы мен ерліктері туралы шығармалар оқыды.

16-ншы қараша күні Шымкент "Жас ұлан" мектебінің 3-інші оқу рота ұландары Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма теарына барды. Ұландар Р. Отарбаевтың “Нашақор туралы новелла” драмасының желісі бойынша қойылған “Шырмауық” спектаклі қойылымын көрді.