Қанатты қыз – Хиуаз.

       Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің кітапханасында Ұлы Отан Соғысының Батыры, Халық қаһарманы ұшқыш Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына орай кітапханашылардың ұйымдастыруымен 4 оқу ротасының ұландарымен «Қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш қыз – Хиуаз Доспанова» атты танымдық сағат өткізілді.

            Батыр апамыз жайлы кітап көрмесі безенділіп, деректі фильмдер көрсетілді. Іс-шара барысында 1оқу ротасының ұланы Шілдебай Нәзір Хиуаз Доспанованың ерліктеріне тоқталып, ұландар өлең-шумақтарын жатқа айтты. Іс-шарадан ұландар батыр апамыздың ерліктеріне тәнті болып, патриоттық сезімді ұштастыра отырып керемет әсер алды.Ұлы батырларымыздың ерлігін ұлықтап,болашақ Отан қорғаушыларға өнеге ету – біздің басты борышымыз.

 Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің

 кітапхана қызметкері Мырзабекова Натипа

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың міндеті!

 

         2022 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде Шымкент гарнизоны Әскери полиция бөлімінің аға офицері (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі) капитан Е.Айтбаевтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында жеке құраммен сабақ өткізілді.

         Мектептің жеке құрамымен өткізілген сабақты ашқан мектеп бастығы полковник Г.Тулеушев сыбайлас жемқорлық – мемлекетіміздің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, дамуын тежейтін факторлардың бірі болып табылатынын, қызмет бабында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу әрбір тұлғаның азаматтық парызы екенін айтып өтті.

Шымкент гарнизоны Әскери полиция бөлімінің аға офицері капитан Е.Айтбаев өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың туындау тәуекелін болдырмау іс-шараларын ұйымдастыру жұмыстары, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл   туралы» ҚР  Заңының талаптарын, ҚР Қарулы Күштерінің сыбайлас жемкорлыққа қарсы стандарттарының талаптарын, ҚР Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық Кодекстерінде сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық үшін қарастырған баптарын, ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын таныстырып, түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Сонымен қатар, жеке құраммен өткізілген сабақта мемлекеттік қызметкерлердің, басшылардың заңсыз ақша қаражатын жинап, құқық қорғау қызметкерлерімен ұсталғаны, ҚР Қылмыстық жауаптылыққа тартылып, сотталу фактілері мысалға келтірілді, бейнероликтер көрсетілді.

Қызмет бабында пара ұсыну фактілері болған жағдайда орын алған құқық бұзушылықты бей-жай қалдырмай, жедел басшылық пен құзырлы органдарға немесе сенім телефондарына хабарлау қажеттілігі айтылды.

ҚР Заңдарының талаптарын қатаң сақтау, әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу шараларын жүзеге асыру – әрбір әскери қызметкердің міндеті.

Қазақстан Республикасының Президентінің жемқорлықпен табанды және ымырасыздық күрес бағытын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын ұстану азаматтық парызымыз.

Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі

бастығының орынбасары – тәрбие және идеологиялық

жұмыстары басқармасының бастығы

подполковник М.Мадрахимов

 

 

11-інші қыркүйек күні Шымкент қаласында жүгіруден өткен «Марафон – 2022»-ге Шымкент «Жас ұлан» мектебі тәрбиеленушілері де қатысып марафоншылар атанды. Биылғы марафонға облыс, қаладан, алыс-жақын шетелдерден атап айтсақ: Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінен келген әуесқой спортшылар бірнеше қашықтықта бақ сынауда бес мыңға жуық адам қатысты. Жеке құрам "Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін" ұранмен бөлінбей, бір адыммен взвод болып, бес шақырым жүгіруді бағындырып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
2018-інші жылдан бері шырайлы Шымкентте әр жыл сайын жүгіру марафоны өтеді, биыл бесінші рет өтті. Қатысушылар саны артып, ал жүгіру жарыстарының ауқымы кеңейді. Бұл тамаша естелік қалдыратын нағыз спорттық мерекеде Шымкент "Жас ұлан" мектебінің отыз бір тәрбиеленушісі қатысып, марафоншылар атанды. Бес шақырым жүгіруді взвод болып, бірінен бірі қалмай , ия озып кетпей, мәрені бірлесе бірге бағындырды. МАРАФОНШЫЛАРЫМЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚР ҚМ Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің 11-сынып білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары мен консультациялары – 2022 жылғы 27 мамыр-13 маусым аралығында өтті.  Сондай-ақ мектеп бітіруші ұландар ҰБТ сынағынан қатарласып өтіп келеді. Мектеп түлектеріне сәттілік тілейміз, тек жақсы көрсеткіштер мен жоғары балл жинауларына тілектеспіз

1 маусым - Халықаралық  балаларды қорғау күні

      25 Мамыр – Соңғы қоңырау!

ПРЕСС-РЕЛИЗ

ҚР ҚК құрылуының 30 жылдығын, ҰОС Жеңісінің 77 жылдығын және
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымовтың 120 жылдығын мерекелеуге арналған 
«Кәсіпқой маман -Армия негізі»Алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша 1-ші республикалық олимпиаданы өткізу

Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебіне қабылданған 323 тәрбиенуші салтанатты түрде ант қабылдады. Дәстүр бойынша ұландар Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Жиынды мектеп бастығы полковник Газиз Ауесканұлы Тулеушев ашып, "Қазақтың басты құндылығы - Тәуелсіздік. Алаштың айбынын асырып, ата-баба армандаған күнге жетіп, жасампаздықтың даңғыл жолына түскенімізге 30 жыл толып отыр.Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік.

2021 жылдың 9 желтоқсан күні Шымкент республикалық "Жас ұлан" мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігіміздің 30 жыл толуына орай акт залында 1 рота 3 взвод ұландарының қатысуымен "Тербет елді, Тәуелсіздік ұраны" атты тарихи кеші аталып өтті. Кештің мақсаты қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру. Іс- шара барысында ұландар ата-бабамыздың азаттық жолындағы қиындықтардан тайсалмай, тәуелсіздік жолында құрбан болып, болашақ ұрпаққа тәуелсіздік алып берген ата-бабаларымызды еске түсіріп, сол кісілерге арналған өлең шумақтарын мәнерлеп айтып, жеткізе білді.