15-інші наурыз күні Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің 3-інші оқу рота ұландары мұражай меңгерушісі Э.Н. БАЛАБАЕВА; 3-інші оқу ротасы 3-інші оқу взводы командирі жауапты майор БАУЫРЖАН САПАРБЕКОВ жетекшілігімен «Саяси куғын-сүргін құрбандары» мұражайына экскурсия жасады.

Ұландар патриоттық тәрбие беру мақсатында, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің және жаппай қуғын-сүргін құрбандарының құжаттарымен кеңірек танысты; «Ашаршылық» атты деректі фильм көріп, тарих беттерінде қазақтың басынан қандай қиын қыстау, зұлматтың өткенін парақталап, Егемен еліміздің тәуелсіздігі бізге оңай жетпегенін терең түсінді.