ПРЕСС-РЕЛИЗ

ҚР ҚК құрылуының 30 жылдығын, ҰОС Жеңісінің 77 жылдығын және
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымовтың 120 жылдығын мерекелеуге арналған 
«Кәсіпқой маман -Армия негізі»Алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша 1-ші республикалық олимпиаданы өткізу


А. ж. 3 мамырда ҚР ҚМ Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің базасында ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 77 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымовтың
120 жылдығына орай «Жас Сарбаз», Шымкент, Тараз қалалары мен Түркістан облысы, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің», жалпы білім беретін мектептер мен кадет сыныптарының
10-11 сынып оқушылары арасында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша 1-ші республикалық олимпиада өткізілді.

         Олимпиада Алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша білім мен практикалық дағдыларды жетілдіру, өскелең ұрпақтың бойында жоғары патриоттық сезімдер мен ҚР Отан қорғаушысының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің имиджін және армиядағы әскери қызметтің беделін арттыру мақсатында өткізілді.

         Бұл олимпиадаға Шымкент гарнизоны әскери бөлімдерінің Қолбасшылығы,  ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, Ауған соғысының ардагерлері, ҚР қоғам қайраткерлері, «Жас Сарбаз» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының өкілдері қатысты.