2022 – 2023 оқу жылының 8 желтоқсан күні география пәнінің педагогі, педагог-сарапшы Турапбаева Сагира Мустафаевна 1 оқу ротасы, 1 оқу взводымен (11 «А») «Қоршаған ортаның сапасы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: дүниежүзі елдерін қоршаған ортаның сапасы бойынша жіктеу болды. Взвод ұландарын топқа бөле отырып, сабақ мақсатына жету үшін деңгейлі тапсырмалар берілді. Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер: «Кім жылдам?» , «Серпілмелі сұрақ » «Венн диаграммасы» әдістері пайдаланылды. Жоғарыда келтірілген әдістер арқылы сабақ соңында ұландар сабақтың мақсатына жете білді.
Ұландардың топтық жұмысты орындау сәті